Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
Төтенше жағдай туралы хабар 2017 жылдың 10 қарашасында сағат 13.01-де келді.
"Оқиға орнына 8/90 жедел жәрдем көмегінің интенсив терапиясының бригадасы барды. Бригада сағат 13.14-те келді. Зардап шеккен қыз №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлмесінде қызды аурухананаың жетекші дәрігерлері: реаниматолог, нейрохирург, травматолог және хирург қарады. Ауруханаға түскен кезде пациенттің жағдайы өте ауыр болатын, қазіргі кезде барлық қажетті диагностикалық шаралар жүргізілуде: зерттеу мен компьютерлік томография, пациент аппарат арқылы тыныс алып жатыр", — деді ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда қыз баланың "Алтын Орда" базарындағы көпірден секіріп кеткені хабарланған болатын. Видеоға қарағанда төтенше жағдай "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы жерде болған.