Дәрігерлер Д. Садықовтың өліміне қатысты тексерулерін бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер Д. Садықовтың өліміне қатысты тексерулерін  бастады

Дәрігерлер Д. Садықовтың өліміне қатысты тексерулерін бастады

Астан ұшынып қайтыс болған астаналық Данияр Садықовтың өліміне қатысты дәрігерлер де өз тексерулерін жүргізе бастады. Олар бір қасық баклажан салатынан уланған азаматтың өмірін арашалап қалуға не кедергі болғанын анықтамақ. Кеше хабарлағанымыздай, марқұмның туыстары жедел жәрдем қызметін «дер кезінде көмек көрсетпеді» деп айыптап отыр.

  • 2 Маусым 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz

Даниярдың туыстарының наразылығын  жедел жәрдем қызметінің басшылығы КТК арнасының «Жаңалықтар» бағдарламасынан көріп біліпті. Бас дәрігер осыдан кейін қызметтік тексеру басталды дейді. Әзірге дәрігерлер Даниярға  жедел жәрдем алғаш келгенде көмек көрсетілмеуінің себебін ұшыну белгілерінің болмауымен түсіндіруде. Оның үстіне көмек Данияр Садықовқа емес, оның анасына шақырылған көрінеді. Бұл да марқұмға дұрыс көңіл бөлінбеу себептерінің бірі болып отыр. Салаттың тек дәмін көріп-ақ уланған Шолпан Садықова әлі аурханада жатыр.  Аталмыш жағдай бойынша құқық қорғау органдары да тергеу жүргізуде. Жедел жәрдем басшылығы өз дәрігерлерінің қызметіне немқұрайлы қарау әрекеттері анықталса, тиісті жауапқа тартылады деп отыр.  

 
Қанат Төсекбаев, Астана қалалық Жедел жәрдем станциясының бас дәрігері
:

— Адам қайтыс болды.  Сондықтан біз ішінара тексеріс жүргізіп жатырмыз. Егер бұл жағдайда қандай да бір дәрігердің кінәсі анықталатын болса, жазасын өтейді.

Соңғы жаңалықтар