Даниярдың туыстарының наразылығын жедел жәрдем қызметінің басшылығы КТК арнасының «Жаңалықтар» бағдарламасынан көріп біліпті. Бас дәрігер осыдан кейін қызметтік тексеру басталды дейді. Әзірге дәрігерлер Даниярға жедел жәрдем алғаш келгенде көмек көрсетілмеуінің себебін ұшыну белгілерінің болмауымен түсіндіруде. Оның үстіне көмек Данияр Садықовқа емес, оның анасына шақырылған көрінеді. Бұл да марқұмға дұрыс көңіл бөлінбеу себептерінің бірі болып отыр. Салаттың тек дәмін көріп-ақ уланған Шолпан Садықова әлі аурханада жатыр. Аталмыш жағдай бойынша құқық қорғау органдары да тергеу жүргізуде. Жедел жәрдем басшылығы өз дәрігерлерінің қызметіне немқұрайлы қарау әрекеттері анықталса, тиісті жауапқа тартылады деп отыр.
Қанат Төсекбаев, Астана қалалық Жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:
— Адам қайтыс болды. Сондықтан біз ішінара тексеріс жүргізіп жатырмыз. Егер бұл жағдайда қандай да бір дәрігердің кінәсі анықталатын болса, жазасын өтейді.