"Дәрігерлер мені өлтіргісі келді": Желіде Балқаш ауруханасында болған сұмдық оқиға жайлы видео тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәрігерлер мені өлтіргісі келді": Желіде Балқаш ауруханасында болған сұмдық оқиға жайлы видео тарады

"Дәрігерлер мені өлтіргісі келді": Желіде Балқаш ауруханасында болған сұмдық оқиға жайлы видео тарады

Ер адам Балқаш қаласының орталық ауруханасында дәрігерлерідің не істегенін, қандай сұмдық жағдайды бастан өткізгенін жеткізді.

  • 18 Шiлде 2022
  • 4353
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің қолынан көрмегенді көрген науқастың жан түршігерлік оқиғасы желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Видеодағы ер адам Балқаш қалалық орталық ауруханасында дәрігерлер тарапынан өзіне күш көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын айтады. Сол жерде оны байлап тастап, белгісіз укол салғанын жеткізді. 

Туыстарына дәрігерлер науқастың жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын, аппаратты өшіріп тастаса өліп қалуы мүмкін екенін айтқан көрінеді. Ал видеодағы ер адам түтікшені тыныс алу жолдарын бітеп тастайтындай етіп қойғанын айтады. Жалпы, жапа шеккен адамның айтуынша, дәрігерлер оның өлуі үшін бәрін жасаған көрінеді.

"Тыныс ала алмай, түкірігімді жұта алмай қалдым, тілімді байлап тастады. Қой мен сиырдың аузын байлады ғой, сол сияқты", дейді ол.

Ақыры науқас ауруханадан  жалаңаш қашып шыққан.


Осындай жан түршігерлік оқиғадан кейін туыстары полиция мен Денсаулық сақтау министрлігіне жүгініп, бұл оқиғаны кеңінен жариялауды жөн көрді.

 

 

Posted by Жалхожаева Фарида on Sunday, July 17, 2022

https://www.facebook.com/groups/336501820487033/posts/1244984052972134/

Соңғы жаңалықтар