Дәрігерлер қателесіп сегіз мұғалімге алты дозалық вакцина салып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер қателесіп сегіз мұғалімге алты дозалық вакцина салып жіберді

Дәрігерлер қателесіп сегіз мұғалімге алты дозалық вакцина салып жіберді

Медициналық қателікке байланысты Испаниядағы мектептердің бірінің сегіз мұғаліміне коронавирустық вакцинаның алты дозасы бірден енгізілді.

  • 8 Маусым 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі болғандай, Хельвес муниципалитетіндегі колледждің оқытушылары (Севилья провинциясы, Андалусия автономды қауымдастығы) 4 маусым, жұма күні вакцинацияланды. Содан кейін дәрігерлер қателесіп олардың әрқайсысына алты дозадан тұратын Pfizer вакцинасын екті.

Сонымен бірге вакцинацияланған мұғалімдердің бірі айтқандай, вакцинациядан кейін ешкімде ауыр симптомдар байқалмады, сондықтан бүгін барлығы әдеттегідей жұмысқа шықты. Осыған ұқсас жағдайлар Германия мен Италияда да тіркелген.