Дәрігерлер Қазақстан халқының қартаюына қарсы бағдарлама әзірлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер Қазақстан халқының қартаюына қарсы бағдарлама әзірлейді

Дәрігерлер Қазақстан халқының қартаюына қарсы бағдарлама әзірлейді

Қазақстандық дәрігерлер «ҚР-да остеопороздың алдын алу бойынша кешенді бағдарлама әзірлеу» деп аталатын халықтың қартаюына қарсы бағдарламасын әзірлеуді қолға алмақ, деп хабарлады қазақ тағамтану академиясының емдік тамақтану зертханасының меңгерушісі Роза Шакиева.

  • 14 Маусым 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

«…ҚР денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылдың 17 маусымында жүзеге асырыла бастайтын «ҚР-да остеопороздың алдын алу бойынша кешенді бағдарлама әзірлеу» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жоба «Қазақстанда егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ жасауын қамтамасыз ету бойынша қартаюға қарсы моделін жасау» ұлттық бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады», делінген ҚР денсаулық сақтау минитсрлігінің сейсенбі күні баспасөз мәслихатында таратылған ақпаратында.

Р.Шакиеваның айтуынша, «өмір ұзақтығының қысқа болуына басты себептердің арасынан мамандар ерте өлімге немесе мүгедектікке алып келетін бірқатар ауруларды, соның ішінде остеопорозды атайды».

Өз кезегінде остеопороз бойынша дәрігерлер қауымдастығының президенті Гүлжан Ғабдуллина Қазақстанда 50 жастан асқан әрбір үшінші әйел мен 70-тен асқан әрбір бесінші ер адам остеопениядан зардап шегетінін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің жобасы тоғыз кезеңнен тұратын зерттеу жұмыстарын қарастырады, оларды 3 жылда жүзеге асыру жоспарланған. Республиканың түрлі аймақтарынан 2,1 мың адамның арасында сауалнама жүргізу көзделген. Остеопороз диагнозы қойылған 400 адам Астана мен Алматыда тексеруден өтеді.

Дәрігерлердің пікірінше, бұл ауруға негізінен дұрыс тамақтанбау себеп болады. Осыған байланысты олар қазақстандықтарға сүт пен сүт-қышқыл өнімдерін көбірек тұтынуға кеңес береді.

«Ең қарапайым есептеулерге сәйкес, бұл жобаға денсаулық сақтау министрлігі Т100 млн жұмсайды» — деді Р. Шакиева.

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, 2009 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 68,6 жыл болған, соның ішінде, ерлер — 62,8 жыл, әйелдер — 73,6 жыл. Қалада тұратын ер-азаматтар көбінесе зейнеткерлікке дейін дүниеден өтеді… Ауылдық аймақтарда бұл көрсеткіштер ерлерде 64,7 жыл және әйелдерде 73,5 жыл болып отыр.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау министрлігінің алдына қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылы 72 жасқа жеткізу міндетін қойғаны белгілі.

Соңғы жаңалықтар