Дәрігерлер ВИЧ індетін жұқтырған баланы 6 жыл бойы пневмониядан емдеген - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер ВИЧ індетін жұқтырған баланы 6 жыл бойы пневмониядан емдеген

Дәрігерлер ВИЧ індетін жұқтырған баланы 6 жыл бойы пневмониядан емдеген

Оңтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері бүлдіршіннің ВИЧ індетіне шалдыққанын 6 жылдан соң ғана анықтап отыр. Осы уақыт бойы  олар аурушаң баланы пневмониядан емдеп келген. Шипа қонбаған соң ғана ВИЧ-ке анализ тапсыруға жіберіпті. Сөйтсе, жеткіншек 2006 жылы Оңтүстіктегі ауруханада осы аты жаман ауруды 200 баламен бірге жұқтырыпты.

  • 6 Қараша 2012
  • 295
Фото - Caravan.kz

Жүзін жауып отырған мына келіншек 12 жасар ұлыныңВИЧ індетін жұқтырғанына бес жылдан асқанын жақында ғана білді. Айына жетпей, әлжуаз боп туған бала 2005-ші жылы облыстың ауруханаларында жиі ем қабылдаған. Өкпесі асқынған бала әлі де емделіп жүр. Соған қарамастан осыған дейін бірде-бір дәрігер баланың қанын ВИЧ-ке тексермепті.

ВИЧ қоздырғышын жұқтырған баланың анасы:

— Облыстық ауруханаға ауыр халде түстік. Өзі қатты ауырып. Осы қыркүйекте. Содан бір аптадан кейін нәтижесі «оң» боп шықты. Бір дәрігер, өзімізбен кездескен «балаңыздың 5 жылдан көп болған жұқтырғанына» деді, «оның иммунитеті деңгейі 20-ақ пайыз қалған» деді.

2006 жылы Оңтүстікте балалар арасында жаппай ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасы тіркелгенде сол жылдары өңірдің ауруханаларында ем қабылдаған барлық бүлдіршіндер тізімге алынып, тексеруден өткізілген болатын. Алайда, «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қорының басшылары бұл шараның шала өткенін айтады.

Жанетта Жазықбаева, «Балаларды СПИД-тен қорғайық»  қорының төрайымы:

— Елгезекпен үш есе елесек те табуға болатын еді. Бірақ, өкінішке орай, бізде қалай болады: «Мен бұған жауапты емеспін» ….бізде көп нәрсе тек  «қанат белгісі» үшін ғана істелінеді. Науқастың барлық медициналық құжаттарын тексеріп шықтық. Әрине, облыстық СПИД орталығының дәрігерлеріне сұрақ қойдық. Нақты жауап бере алмайды. Нақты жауап бере алмаған адам… демек қателік кетті деп қорытынды жасауға болады. 

Нақты жауапты біз де ала алмадық. Облыстың Денсаулық сақтау басқармасына бас сұққанымызда өңірдің бас дәрігері қызметке жаңа тұрып жатқандармен сұхбаттасып жатыр екен.


Ең сорақысы-бойында ВИЧ қоздырғышы кеш анықталған бүлдіршін оған дейін бірнеше емдеу мекемесінде сау балалармен бірге ем қабылдаған.  

Қатерлі індетті жұқтырған балалардың бойындағы ВИЧ індетінің кеш анықталғаны бір бұл емес. Ағзасында аты жаман ауру кеш байқалғандықтан бір бүлдіршін 2008-шы жылы көз жұмған болатын. Сондықтан, «балаларды СПИД-тен қорғау» қоры 2004 пен 2006-шы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ауруханаларында ем қабылдаған барша балаларды қосымша тексеруден өткізуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар