Дәрігерлердің салғырттығынан тағы бір жас ана көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлердің салғырттығынан тағы бір жас ана көз жұмды

Дәрігерлердің салғырттығынан тағы бір жас ана көз жұмды

Атырауда операция үстелінде өлген жас келіншектің туыстары қызметтеріне салғырт қарады деп дәрігерлерді сотқа беріп жатыр. Айтуларынша, перзентханаға келген кезекті пациентке көңіл бөлудың орнына, ақ халаттылар сол күні кәсіби мерекелерін атап өтуден қолдары босамапты. Салдарынан қиналып босанған келіншек көп қан жоғалтып, ақыры ауруханада 32 күн бойы ес-түссіз жатып қайтыс болған.

  • 8 Қазан 2013
  • 348
Фото - Caravan.kz

Алғаш рет ата атанған Даниярдың қуанышы көпке созылмады. 9 ай бойы дәрігердің қабылдауынан қалмай, өзін өте сергек ұстаған қыздары перзентханада аяқ астынан бақилық болған. Қан кетіп жатқанын естіп, перзентханаға барғанымызда, жағдайды түсіндіретін бір адам табылған жоқ. Барлығының мерекеден қолдары босамады, — дейді марқұмның ата-анасы.

Данияр Гайсин, марқұмның әкесі:

— Моргтың берген қорытындысы-кінә дәрігерлерде дейді, 2 литрдей қан кетіп қалған дид. Сол қателіктерін мойындарына алсын жанағы врачтар. Осылайша мен алға қарай тағы бір аналарды қорғайтын болармын. Ондай дәрігерлер жұмыс жасамауы керек ол жерде.

Мейрамгүлдің жақындарының пікірімен заң орындары да келісіп отыр. Арыз түскеннен кейін тексеру жүргізген олар медицина қызметкерлері өз міндеттерін дұрыс атқармаған деген қорытындыға келді.


Айбек Қанатбеков, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі:

— Гайсинаның өліміне байланыстыпрокуратура мен медициналық қызметті бақылау департаментіне талаптама беріліп, оның қорытындысы бойынша , прокуратура ҚР ҚК-нің 114 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал акушерлер өздеріне шаң жуытар емес. Айтуларынша, тәуелсіз сарапшылар 22 жастағы келіншектің қазасынан дәрігерлердің қателігін таба алмапты.

Осы жағдайға орай, перзентхананың бас дәрігері Гүлзейнеп Дүйісованың пікірін білмек болған ниетімізден түк шықпады. Себебі  бас дәрігерді жұмыс уақытында орнынан ұстау мүмкін болмады. Бірде телефон арқылы жақынымның жаназасында жүрмін десе, енді бірде осы оқиғадан жақсы хабардар орынбасарының оқуда екендігін айтып, сұхат беруден бас тартты.