Дариға Назарбаева: Ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері әлемдік деңгейден айтарлықтай артта қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева: Ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері әлемдік деңгейден айтарлықтай артта қалған

Дариға Назарбаева: Ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері әлемдік деңгейден айтарлықтай артта қалған

Сенат спикері Дариға Назарбаева Ауыл шаруашылығы саласының абсолюттік көрсеткіштері бол­машы дәрежеде өсіп, әлемдік көр­сет­кіштерден айтарлықтай артта қалғанын айтты.

  • 6 Наурыз 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы   "Егемен Қазақстан" басылымында жарияланған Дариға Назарбаеваның "Бақуатты ауыл – қуатты Қазақстан" материалында айтылды.

Дариға Назарбаева еліміздегі ауыл шаруашылы саласындағы ірі қара мал басы санының өсуі мардымсыз  екенін айтты. Мәселен – 2014 жылы 6 032,7 мың бастан 2019 жылы 7 437,6 мың басқа дейін өсті. Ұсақ қара мал (қой мен ешкі) басының саны 2019 жылдың соңына қарай 19 092,0 мың басты, жылқы саны – 2 825,9 мың басты, құс саны – 45 197,1 мың басты құрапты. 

Ал елімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің 80%-ы қайта өңделмей шикізат түрінде өткі­зіледі екен. Яғни өте төмен қосылған құн салы­ғымен сатылады. 

Сыртқы саудада үлкен мөлшерде диспропорция байқалады. Жыл сайын тауар айналымының теріс теңгерімі тіркеледі – 500 млн АҚШ долларынан – 1 млрд АҚШ долларына дейінгі шамада, яғни елімізге ауыл шаруашылығы өнімі көп әкелініп, аз әкетіледі, — деді Сенат төрағасы

Ал жалпы Қазақстан ауыл шаруашылы саласын дамытуға ең қолайлы өлке. Өйткені жер ресуртары жеткілікті әрі ауа райы қолайлы.


Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы және жер ресурстарының үлкен қорын қамти алғанда оның табиғи-климаттық жағдайы (ел алқаптарының 74%-ы егіншілікке жарамды), ауыл ша­руа­шылығы өнімдерінің өндірісін бірнеше есе арттыруға және жақын орналасқан ел­дерге экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді, — деді Дариға Назарбаева.