Дариға Назарбаева Баян Есентаеваны қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева Баян Есентаеваны қолдады

Дариға Назарбаева Баян Есентаеваны қолдады

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаеваны қолдады.

  • 16 Қыркүйек 2016
  • 567
Фото - Caravan.kz


«Ондай болған оқиға әйелдерге өте ауыр тиеді. Барлық жағынан. Қандай жағынан қарамасаңыздар да, мұндай мәселеде заң әйелдердің жағында. Әйелдерді қолдаймын. Ондай болмау керек. Азаматтардың, жігіттердің әйелдерге қол көтеруі деген, ол енді, сұмдық», — деді ол Сенат отырысынан соң, тілшілерге берген сұxбатында.

Еске салсақ, 10 маусымда Б.Есентаева миы шайқалып, мұрны сынып, пышақ жарақаттарымен Алматы облысындағы Талғар ауруханасына жеткізілген. Кейін анықталғандай, оны жұбайы Бақытбек Есентаев жанжал барысында соққыға жыққаны анықталды. Қазіргі уақытта Бақытбек Есентаевтің ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Осы оқиғадан соң, Баян Есентаева 22 жыл бойы отасқан күйеуімен ажырасты.

Соңғы жаңалықтар