Дариға Назарбаева "Отан" партиясының атауын өзгерту ерте деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева "Отан" партиясының атауын өзгерту  ерте деп санайды

Дариға Назарбаева "Отан" партиясының атауын өзгерту ерте деп санайды

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. "Отан" партиясының атауын "Нұр-Отан" деп ауыстыру ерте, деп санайды партия төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Партияның атауын өзгерту қазір ерте, себебі редакциялық комиссиясы біріккен партияның бағдарламасын редакциялау жұмысын әлі жалғастыруда, әрине бұл менің ұстанымым», — деп хабарлады Д.Назарбаева партияның кезектен тыс өткен оныншы құрылтайының аяқталуы бойынша журналистерге берген сұхбатында.

«Егер «Отан» партиясының бағдарламасына түзетулер түбегейлі енгізілген болса, онда оның атауы туралы ойланғанымыз көңілге қонымды болар еді. Дегенмен, оның бұрынғы атауы да менің көңілімнен шығады», деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта