Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ұлутас теңізі және Құрманғазы құрылымдарында кеніш көздерінің ашылуы елімізде теңіздегі мұнайгаз индустриясының негізі қалануына жол ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ұлутас теңізі және Құрманғазы құрылымдарында кеніш көздерінің ашылуы елімізде теңіздегі мұнайгаз индустриясының негізі қалануына жол ашады

Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ұлутас теңізі және Құрманғазы құрылымдарында кеніш көздерінің ашылуы елімізде теңіздегі мұнайгаз индустриясының негізі қалануына жол ашады

Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ұлутас теңізі және Құрманғазы құрылымдарында кеніш көздері ашылған жағдайда еліміз тарихында тұңғыш рет отандық теңіздегі мұнайгаз индустриясының негізі қаланады. Бұл туралы Ақтауда өткен қоғамдық тыңдауда "Қазмұнайтеңіз" теңіздегі мұнай компаниясы" ЖАҚ-ның бас директоры Бақытжан Хасанов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Тамыз 2003
  • 896
Фото - Caravan.kz

«Дархан» құрылымындағы мұнай операцияларына дайындық және оны жүзеге асыру барысында компания Каспийдің солтүстік бөлігі үшін қойылатын мынадай табиғат қорғау талаптарын ескерді : Дархан құрылымы теңіздің қыста қатып қалатын қорық аймағында орналасатындықтан барлау жұмыстары маусымдық шектеледі ; жұмыс жүргізілетін аймақтағы судың тереңдігі 4-6 метр шамасында салыстырмалы түрде таяз болғандықтан қосымша жүзгіш құралдарды жобалап қолдануды талап етеді ; судың таяз бөлігінде жүзгіш бұрғылау қондырғыларының саны шектеулі ; теңіз бен жағалаудағы инфрақұрылымның даму деңгейінің осалдығы тәрізді факторлар ескерілді.

Ал Каспий теңізіндегі қорық аймағынан тысқары, оңтүстікке қарай орналасқан Нұрсұлтан, Ұлытау және Ұлутас теңізі құрылымдарында маусымдық экологиялық шектеулер жоқ.
Алайда, осындай факторлардың бәріне қарамастан Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай көздерін игеру жұмыстары қалдықсыздық принципіне бағындырылғалы отыр.
Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау және Ұлутас теңізі жобалары жүзеге асқан жағдайда Қазақстанда тұңғыш рет теңіздегі мұнайгаз саласының іргетасы қаланып, ресурстық қор көлемі ұлғаяды. Мұнай және көгілдір отын өндіру көлемі артады.
Теңіздегі мұнай жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Маңғыстау облысында әртүрлі бонустар, салықтар, роялти және мұнай пайдасынан үлес есебінен әр сатылы бюджеттерге құйылатын түсім молаяды ; жаңа жұмыс орындары құрылып, әлеуметтік салаға белсенді қолдау жасалады; жергілікті тауарлар, материалдар мен қызмет түрлерін тұтыну ауқымы артып, отандық ғылыми әлеуетті пайдалану мүмкіндігі туындайды ; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылым дамып , әлеуметтік саладағы жобалар жүзеге асырылады ; жергілікті кәсіби мамандарды оқыту және дайындау мүмкіндігі артып, жаңа технологиялар дамиды.
ҚазақМұнайГаз теңіздегі кеніштерді игеру жұмысына жергілікті мердігерлерді, материалдар сатушыларды, отандық тауарлар мен қызмет түрлерін көбірек пайдалануды жоспарлап отыр.
Тәжірибе көрсеткеніндей, мұнай өндіруге қатысты жаңа бір жұмыс орнының құрылуы соған жанама салалар мен қызмет көрсету саласында қосымша 10 жұмыс орнын құруға түрткі болмақ.
«Каспий теңізіндегі мұнайгаз қоры еліміз үшін өлшеусіз ырыс көзі. Оны игеру нәтижесінде еліміздің минералдық шикізат базасы нығайып, таяудағы 10-15 жыл бойы қарқынды дамуға жағдай жасайды»,- деп қорытты өз сөзін Б.Хасанов.

Соңғы жаңалықтар