Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов сүйінші жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жаңа заң жобасы аясында халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары 6 миллион теңгеге дейін, ал олардың ұстаздары 500 мың теңге көлемінде біржолғы ақшалай сыйақы алады.
Бұл бастама оқушыларды ғылымға баулуға және ұстаздарды ынталандыруға бағытталған.
2024 жылы қабылданған заң аясында мұндай жетістіктерге жеткен оқушыларға ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарына түсу және «Болашақ» бағдарламасы арқылы бакалавриат деңгейінде шетелде білім алу мүмкіндігі берілді.
Айта кетейік, заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды.