Дастан Дүйсенбаев: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы – бұл дамуға қолдау әрі ынталандыру - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дастан Дүйсенбаев: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы – бұл дамуға қолдау әрі ынталандыру

Дастан Дүйсенбаев: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы – бұл дамуға қолдау әрі ынталандыру

Дастан Дүйсенбаевты дарынды адам деуге болады. Оған көз жеткізу үшін жетістігін көрсеңіз жеткілікті. Енді шетінен біртіндеп тарқатайық.

  • 16 Сәуiр
  • 9
Фото: fnn.kz

Дастан Ақтөбенің тумасы, Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің үшінші курсында «Аспаптық орындау» (эстрадалық аспаптар) мамандығында оқиды. Ол бала кезінен музыка мен шығармашылықты жақсы көреді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ағылшын және жапон тіліне қызығады.

Оның жетістіктеріне тоқталсақ. «Вокал» номинациясы бойынша «ЖАС ТОЛҚЫН-2014» қалалық балалар шығармашылығы байқауының бас жүлдесі (Ақтөбе), «Вокал» номинациясы бойынша облыстық «Ақбөбек-II» байқауының I дәрежелі лауреаты (Ақтөбе), «ЖасSTAR» III республикалық музыкалық өнер байқауы-фестивалінің гран-при иегері (Ақтөбе), «Эстрадалық соқпалы аспаптар» (Нұр-Сұлтан) номинациясы бойынша музыкалық колледждер арасындағы 43 республикалық орындаушылар байқауының I дәрежелі  лауреаты, «Эстрадалық соқпалы аспаптар» номинациясы бойынша «Шабыт» XXV Халықаралық шығармашылық жастар байқауының I дәрежелі лауреаты (Астана), «Эстрадалық соқпалы аспаптар» номинациясы бойынша «Astana-Merey» XIX халықаралық орындаушылар байқауының I дәрежелі лауреаты (Астана) және т.б.

— Музыка өнердіңең мықты түрі деп санаймын. Музыка адамды жанын емдейді, көңілін көтеріп, бақытқа бөлейді, — дейді Дастан Дүйсенбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы бағындырылған тағы бір белес, сонымен қатар, жеке даму мен өсуді қолдау мен ынталандыру.

— Өзіңізге сеніп, белсенді болсаңыз, кез келген кедергіні жеңе аласыз! Өміріңіздегі басты мақсатты жүзеге асыруға аянбай күш салып, шығармашылықпен айналысыңыз— дейді біздің стипендиат.