Дастан Оразбеков елді алдап жүргендер туралы шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дастан Оразбеков елді алдап жүргендер туралы шындықты айтты

Дастан Оразбеков елді алдап жүргендер туралы шындықты айтты

"Орда" тобының мүшесі, әнші Дастан Оразбеков "Желмая" жобасында концерттер мен тойларда фонограммамен ән айтатын әншілерге қатысты пікір білдірді.

  • 22 Мамыр 2020
  • 117
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иелеріне айтарым: мына індет бітеді, той мен концерт қайта басталады. Сондықтан көрерменді алдауды тоқтатыңыздар дегім келеді. Жалғыз жастар емес, аға буынның арасында да концерттерге келіп, фонограммамен ән айтып кететіндері бар. Сосын мынандай қызық жағдай бар: концертте өз дауысымен айтатындар тойға барып, фонограмма қосады. Өйткені тойды "халтура" деп ойлайды. Шын мәнінде табысты концерттен емес, тойдан көбірек тауып жатады. Концерт пен тойдағы көрермен бір. Сондықтан екеуін бөліп-жарып алалауға болмайды, — дейді Дастан Оразбеков.

Ол осы ретте шетелден келетін әншілердің көрерменге деген құрметін, қарым-қатынасын үлгі етті.

Қаншама тойларға барып жүрміз. Сонда арасында шетелден әншілер келеді. Олардың жауапкершілігі өте мықты. Тойдың өзіне арнайы дайындалады. Екі сағат бұрын дыбыс режиссері келіп тексеріп кетеді. Ондай адамға ешқашан аянып қалмайсың, қалтаңдағыны бергің келіп тұрады. Өйткені ол шынайы өнерін көрсетіп жатыр. Ал концертте фонограммамен ән айту тіптен сорақы дүние
, — дейді әнші.

Ол өзі барлық жерде тек жанды дауыста ән айтамын деп отыр.

Алладан табысты адал жолмен бер деп тілеймін. Тер төксең, адамның бетіне қарауға да ұялмайсың. Өкінішке қарай, өнер иелерінің көбісіне бұл қасиет сіңіп кеткен. Бір-екі бауырыма ескерту де жасағанмын. Сондықтан тағы да өнер иелеріне айтарым — көрерменді алдауды қойыңыздар, — дейді Дастан Оразбеков.