Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы ойында матчтің 9-минутында ұлттық құраманың алғашқы голын соқты. Гол соққан сәтте шабуылшының жасы 17-де еді.
Сәтпаевтың голына дейінгі рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі еді. Ол 2018 жылғы 23 наурызда Венгрия қақпасына гол соққан. Сол кезде оның жасы 18-де болған.
Айта кетейік, кеше, 15 қарашада «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия құрамалары арасындағы матч өтті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.