Дау арылмаған басы ақыры тасқа соғылған Тұңғышбай - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дау арылмаған басы ақыры тасқа соғылған Тұңғышбай

Дау арылмаған басы ақыры тасқа соғылған Тұңғышбай

Қазақстанның Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов – бүгінде театр және кино өнеріндегі тұлғасы ең биік актерлердің бірі. Ол «Тамаша» ойын-сауық отауында ойнаған кезінен бері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Одан бері де театр мен кинода талай рөлдерді (әсіресе, хандарды) сомдаған актер қазір 68 жаста.

  • 3 Қараша 2016
  • 4946
Фото - Caravan.kz

Бұл – Тұңғышбай Жаманқұлов немесе әл Таразидің біз таныған бір қыры ғана. Ал екінші жағынан ол үнемі дау-дамайдың ортасында жүруімен де танылды. Caravan.kz медиа-порталы солардың біразына тоқталуды жөн көрді.

2000 жылдардың басында «Қазақ әдебиеті» газетінде Тұңғышбай Қадырұлы туралы даулы материал шықты. Онда актердің құрылысшыларға үй салдырып алып, ақшасын төлемей кеткені жөнінде айтылады. Артынан Жаманқұлов бұны жала деп теріске шығарды. Бірақ осы жайттың ең ақыры немен аяқталғаны бізге беймәлім.  

Бұл кезде ол Алматыдағы Мұхтар Әуезов театрының директоры еді. Сол ұжымында да дау шықты. Тұңғышбай Жаманқұлов Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков сынды белді әртістерді жұмыстан шығарғысы келді. Мұны ол осы актерлердің жасы келгенімен, театрға енді жастарды тарту керектігімен түсіндірді. Сөйтіп, мәселе сотқа жетті. Осы тұста біздің кейіпкеріміз Асанәлі Әшімов және Әзірбайжан Мәмбетовпен де сөзге келіп қалды.

Актерлер сотта татуласқан сияқты. Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова «Тұңғышбай әл Тарази Таразға шақырады» атты республикалық театр фестивалінде. Тараз. 2013 ж.Актерлер сотта татуласқан сияқты. Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова «Тұңғышбай әл Тарази Таразға шақырады» атты республикалық театр фестивалінде. Тараз. 2013 ж.

Жаманқұлов өзі түскен «Көшпенділер» (2005 ж.) фильмін түсіріле бастағаннан-ақ сынауға көшті. Басты дау қазақтың тарихын әлемге танытамыз деген мақсатпен шетелден актерлер шақырылуына байланысты болған еді. Бірақ бәрібір де фильмде Куно Бекер, Джейсон Скотт Ли, Марк Дакаскас басты рөлдерде ойнады. Одан кейін «Көшпенділерге» қыруар ақша жұмсалса да, киноның сәтті шықпағаны туралы айтылды. Ал фильмге, ресми дерек бойынша, 34 миллион АҚШ доллары бөлінген екен. Сол тұста Жаманқұлов өзінің бұл киноға түскені үшін алған еңбекақысына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Ол «Көшпенділерді» соңғы кездерге дейін сынап келген. Мәселен, былтыр «Алаш айнасына» берген сұхбатында былай дейді: «Көшпенділерді» түсіргенде де қателестік. Ол кездегі басты қателік, біз жүру үшін алдымен еңбектену қажет екенін ұмытып жүгірмекші болып омақаса құладық. Кино түсірудің қыр-сырын меңгермей жатып, қазақты әлемге танытамыз деп дарақылыққа салындық. Арты не болды? Не тарих, не кино, не ақша жоқ. Батырларымыздың түрі анау. Ұят»     


"Көшпенділер" фильмі

Биыл Жаманқұлов басқаратын Қазақстан Театр қайраткерлері одағында да жік шықты. Осы шығармашылық ұйымындағы былықтарды жіпке тізіп ашық хат жазған жас актерлер оның басшылықтан кетуін талап етті. «Айта берсек, жанға бататын жара көп. Жаманқұлов басқарған соңғы 8 жылда жас актерлер мен режиссерлерге арналған ешбір фестиваль, ешбір байқау өткен жоқ (тек Таразда Тұңғышбай Жаманқұлов атындағы бір фестивальдің («Тұңғышбай әл-Тарази Таразға шақырады» атты театр фестивалі — ред.) өткені бар). Бұл қалай? Елдегі театрлар қауымдастығының жұмысын жандандырады, театрды күшейтеді деп сайлаған Тұңғышбайымыз өнерді алға сүйреудің орнына қайдағы бір сыншылар мен «аппаратчиктерді» қаптатып қойды» делінді хатта.

«Тұңғышбай әл-Тарази Таразға шақырады» атты республикалық театр фестивалінде. Тараз. 2013 ж.«Тұңғышбай әл-Тарази Таразға шақырады» атты республикалық театр фестивалінде.
Тараз. 2013 ж.

Сөйткен Жаманқұлов ақырында мол көлемде ақша жымқырды деген айыппен ұсталды. Тергеушілер "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Феникс» көркем фильмін түсіруге 79 миллион теңге бөлгенін анықтаған. "Оның 69 миллион теңгесін осы кинотуындының продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов қалтасына басыпты. Актер аталған ЖШС-ның құрылтайшысы екен. Сонымен қатар, ақша жымқыруға "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақова мен фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені мәлім болып, олар сот санкциясымен қамауға алынды.

Картинки по запросу задержали

Соңғы жаңалықтар