Дау тудырған ИНВЕСТИЦИЯ: Ақбота Керімбекованың айтары бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дау тудырған ИНВЕСТИЦИЯ: Ақбота Керімбекованың айтары бар

Дау тудырған ИНВЕСТИЦИЯ: Ақбота Керімбекованың айтары бар

Дау тудырған инвестиция.

  • 8 Маусым 2020
  • 258
Фото - Caravan.kz

Ұтыс ойынын жарнамалаймын деп өнер жұлдыздарының басы дауға қалды.
Әнші Ақбота Керімбекова ұтыс ұйымдастырушыларының көпшіліктен инвестиция құйып, қаржыларын екі есе қайтарып алатындарын білмеген.

Өйткені, Керімбекова ұтыс ойынын жарнамалаған болатын.

Бұл туралы ол Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

— Алдымен лоторея туралы бастасақ. Кімнен ұсыныс түскен еді, алғашында келісім қалай болған еді?

— Мен халыққа мынаны түсіндіргім келеді. Лоторея басқа, ұтыс ойыны басқа. Менің жарнамалағаным — ұтыс ойыны. Бірақ дау тудырып отырған ұтыс ойыны емес, менің сыртымнан жасалған, яғни, маған айтпай, менің атымды пайдаланып жасалған ИНВЕСТИЦИЯ болып отыр.

Әуел баста маған ұсыныс Әйгерім деген қыздан түсті. Бұрыннан таныс болған соң, өзі де шоу бизнес өкілі, барлық құжатты көрсетіп, қайрымдылықпен айналысып жатқанын айтып, бәрі заңды екеніне сендірді. Мен сендім. Соңында білгенім, ол қыз да алданып қалған екен. Ұйымдастырушылар барлығымызды да алдап соқты.

Қолымда заңды келісім-шарт бар. Ол келісім шарт бойынша мен тек ұтыс ойынын жарнамалап беру керек болғанмын. Сол заңды шарт бойынша мен ұтыс ойынын ғана жарнамаладым.

— Лоторея ұйымдастырудағы мақсатыңыз не болды? Қаржы табу ма әлде…

— Біріншіден, мен ұйымдастырушы емеспін. Мен тек жарнамасына түстім, болды! Маған ұсыныс түсіп, қарапайым халыққа 2-пәтер мен 3-автокөлік және 300 түрлі сыйлық беріп, қайрымдылық іс-шаралар жасаймыз деген соң, халықтың 1-і болса да үйлі, көлікті болуына септігімді тигізейін деп ойладым. Бөтен ойым болған жоқ.

— Қазіргі іс қалай жүріп жатыр? Үстіңізден арызданғандар бар ма?

— Қазіргі істің барысынан толық хабарым жоқ. Себебі менің үстімнен ешкім арызданып, мен іске шақырылған жоқпын. Естуімше тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

— Істің соңы қалай аяқталады деп ойлайсыз? Өзіңіздің пайымыңыз.

— Оны енді тергеу біткен соң бәріміз бірге көреміз деп ойлаймын. Инвестиция деп заңсыз ақша жинағандар, халықтың өз ақшасын өздеріне қайтарып беруі тиіс.

— Осы жағдайдан лоторея, байқау дегенді ұйымдастырмайтын боларсыз?

— Тағы қайталап айтамын, мен ұйымдастырмадым ұтыс ойынын. Ұйымдастырмаймын да.

— Ернар Айдар әрбір видео үшін 1 миллион теңге алғанын хабарлады, ал сіз қандай да бір қаражат алдыңыз ба? Ашып айта аласыз ба?

— Әрине айта аламын. Кез — келген адамға жасаған қызметі үшін ақы төленеді. Сол секілді маған да осы ұтысты жарнамалағаным үшін 1 500.000 теңге төледі.

— Осы оқиғадан не түйдіңіз?

— Мен өз тарапымнан ешқандай заң бұзушылық жасамадым. Бұл — халыққа да, бізге де үлкен сабақ болды. Бұдан соң халықтың да көзі ашылып, инвестиция, пирамида дегенге жоламайтын болар деген үміттемін. Мен ақталмаймын. Жай мән жайды түсіндіруге толық құқығым бар.
Сенерім бір Алла ғана. Өзімді әрқашан Аллаға тапсырамын.

Сұхбат соңында көпшілік қауымға түсіндіре өтейік.

Лоторея ол — лотерея билеттерін сату, ақылы байқаулар, болжамдар, жүлделі ойындар ұйымдастыру арқылы халықтың ақшалай қаражатын ерікті түрде тарту нысаны.

Ал гив ол- инстаграм желісі арқылы, спонсор тіркелу бойынша жасалатын байқау.

Айта кететін жайт, Ақбота Керімбекова жарнамалаған ұтыс ойынының ұйымдастырушылары әншіге ескертпестен, инвестиция жинаған. Бірақ, Керімбекова мен ұйымдастырушылардың келісім шарты бойынша "Инвестиция",- деген болған емес. Ақбота Керімбекова "Инвестиция" емес, ұтыс ойынын жарнамалаушы ғана болды.