Дәулет Ниязбеков Әлем чемпионатына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәулет Ниязбеков Әлем чемпионатына қатысады

Дәулет Ниязбеков Әлем чемпионатына қатысады

-Алматы облысы, Талдықорған қаласында еркін күрестен ересектер арасында өткен ел чемпионатында еркін күрестен қызылорладық спортшы Дәулет Ниязбеков 61 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды. 

  • 20 Ақпан 2015
  • 471
Фото - Caravan.kz

Аталған чемпионатқа Қазақстанның ұлттық құрамасындағы көшбасшы спортшылар мен Қазақстанның барлық өңірінен мықты балуандар қатысты. 

Бұл дүбірлі бәсеке Американың Лас-Вегас қаласында болатын Әлем чемпионатына іріктеу ретінде маңызды жарыстардың бірі деп те айтуға болады.

Дәулет бес кездесудің бесеуінде де қарсыластарынан басым түсіп, финалда Алматы облысының спортшысы Елдос Әбикеновті 5:0 есебімен жеңіп, бесінші мәрте ел чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Енді Дәулет биылғы жылы Американың Лас-Вегас қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысуға дайындалу үшін Белоруссияға оқу-жаттығу жиынына барады.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Дәулеттің бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов.

Еске сала кетейік, ел чемпионаты 17-18 ақпан күндері өтті. 


Дәулет