Дәулет Тұрлыханов Ерболат Беделханмен телефон арқылы сөйлеспегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәулет Тұрлыханов Ерболат Беделханмен телефон арқылы сөйлеспегенін айтты

Дәулет Тұрлыханов Ерболат Беделханмен телефон арқылы сөйлеспегенін айтты

Қазақтың атақты балуаны Дәулет Тұрлыхановтың Ninety One-ға наразылық білдіріп, топ продюсері Ерболат Беделханды жерден алып, жерге салғаны туралы ғаламторда тараған үнжазбаға сүйеніп хабарлаған едік. Онда спортшыныкі делінген дауыс продюсерден аталған ұжымды біржола құртуын талап еткен.

  • 23 Қараша 2016
  • 2195
Фото - Caravan.kz

Baq.kz тілшісі осы ақпараттың анық-қанығын білмек болып Дәулет Тұрлыхановқа хабарласқан екен. Балуан ағамыз бұл дауыстың өзінікі емес екенін, керек болса Ерболат Беделханмен телефон арқылы сөйлеспегенін айтты.

"Бұл жағдайға менің ешқандай қатысым жоқ. Бұл дауыс менікі емес" дейді Дәулет Тұрлыханов.

Ал ғаламторда тараған үнжазбада спортшыныкі делінген дауыс: "Ауру қалса да, әдет қалмайды", ол балалар ертеңгі күні талай қыздарды құртады. Жанкүйерлері болса жеткілікті. Бұдан кейін сахнаға шықпасын. Құртыңдар. Өнерлерін шетелде көрсетсін. Маған 91 тобы қызық емес. Жұлдыз болса, өздеріне жұлдыз. Маған Қайрат Нұртас, Төреғалиды айтыңдар. Ел қарсы шықты ма, болды, елді ашуландырмай қайту керексіңдер ғой. Осымен доғарыңдар!" дейді.


Перейти к новостям спорта