Оған Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 229 спортшы қатысты. Жарыс осымен он екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Қызылорда облысының спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальды иеленді. Атап айтсақ, Ерсайын Сайфулин ( 85 келі, №1ОМБЖОРМ) пен Дінмұхаммед Дүкенбаев (69 келі, Ж.Баһадүр атындағы спорт интернат) — бірінші, Мейірман Әлизақ (50 келі, Қазалы БЖСМ) — екінші, Еркебұлан Әлиев (100 келі, №1ОМБЖОРМ) үшінші тұғырларға орналасты.
Спортшыларды жарысқа Самат Мәкеналиев, Ғабиден Райымбек, Қанат Көбегенов дайындады.
Енді спортшылар сәуір айында Шымкент қаласына оқу-жаттығу жиынына барады.
Одан кейін тамыз айында Венгрияның Сомбатхей қаласында өтетін әлем чемпионатына және шілде айының соңында Таиландтың Бангкок қаласына өтетін Азия чемпионатында бақ сынайтын болады.