Дәурен Абаев: Жыл ішінде екі арнайы ХҚКО ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәурен Абаев: Жыл ішінде екі арнайы ХҚКО ашылады

Дәурен Абаев: Жыл ішінде екі арнайы ХҚКО ашылады

Жыл аяғына дейін Қазақстанда екі жаңа арнайы ХҚКО ашылады.

  • 17 Наурыз 2017
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Хабар арнасында «Ашық диалог» тележобасында ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

«Арнайы ХҚКО-ларда біз 700 мыңға жуық жүргізуші куәлігін бердік. 3,5 млн мемлекеттік қызмет көрсеттік. Біз барлығын автоматтандырдық. Арнайы ХҚКО  салдық. Өкінішке орай, қазір мұндай арнайы ХҚКО-лар барлық жерде емес, 12 қалада жұмыс істейді. Қазір осы үрдісті жалғастырып жатырмыз. Жыл аяғына дейін тағы екеуін іске қосамыз деп ойлаймын», — деді министр. Сондай-ақ Дәурен Абаев «ерекше» нөмірлер жайында айтты.

«Бүгінде мемлекеттік қазынаға мұндай нөмірлер есебінен шамамен 5,3 млрд теңге түсті», — деп сөзін түйіндеді ол.


 

Соңғы жаңалықтар