«Дәурен қазір Астана қаласында. АҚШ-тағы алғашқы сайысынан кейін елге оралды. Жақында тағы да мұхит аспақ. Өзімен бірге отбасын да ала кетуді жоспарлап отыр. Ол қазір іскерлік визаны күтуде, бұған дейін саяхатшы ретінде барды. АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі 6 наурызда өтеді. Қарсыласы әзір анықталған жоқ», -деді боксшының ағасы Данияр аталған сайтқа берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Нью-Йорк қаласында 2014 жылы желтоқсан айының 3-і күні Дәурен кәсіби рингте алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Онда ол америкалық жас боксшы Энтони Мэддонды бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Қаңтар айының басында спортшымыз кәсіби боксте ең ықпалды менеджер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырды.