Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.
«Шығын есептеліп жатыр, әлі аяқталған жоқ. Кеше зардапты жою штабының жедел кеңесі өтті. Арнайы тапсырмалар беріліп, барлық ақпарат өңделді. Бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру үшін шамамен 235 миллион теңге қажет», – дейді ол.
Еске сала кетсек, 22 мамырда Астанада бұршақ аралас жауын жауып, артынан дауыл соққан болатын. Қала тұрғындары дауыл салдарынан болып жатқан көріністерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 мамырда елорда аумағында жел секундына 25 метр жылдамдықпен соққан. Ал дауыл салдарынан 13 адамның зардап шеккені, сондай-ақ түрлі заттардың құлауынан 16 көлік бүлінгені хабарланған.