Жарияланды: 490

Дауыл Тұщықұдықтағы 24 үйдің шатырын ұшырып әкеткен

Маңғыстау облысында қатты дауыл соғып, тұрғын үйлерге біраз зақым келген. Секундына 25-27 метр жылдамдықпен соққан жел Тұщықұдық ауылындағы жиырма төрт үйдің шатырын ұшырып әкетті. Сондай-ақ он минут бойы үздіксіз ұйытқыған дауылдан екі электр бағаны құлап, байланыс желілері үзілген. Абырой болғандазардап шеккен адам жоқ. Қазір ауылда электр және телефон желілері қалпына келтірілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін