«Дауылбаев пен Ермегияев денесімен жылытты» Аңға шығып, тікұшақтан құлаған экс қаржы вице-министрі шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дауылбаев пен Ермегияев денесімен жылытты» Аңға шығып, тікұшақтан құлаған экс қаржы вице-министрі шындықты айтты

«Дауылбаев пен Ермегияев денесімен жылытты» Аңға шығып, тікұшақтан құлаған экс қаржы вице-министрі шындықты айтты

Саясаткер, экономист, бұрынғы «Наурыз Банк Қазақстанның» экс-басшысы, экс-қаржы вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған Оразалы Ержанов Qasqa Jol арнасына сұхбат берді.

  • 6 Маусым 2022
  • 3086
Фото - Caravan.kz

Ол қақаған аязда Талғат Ермегяев пен әділет министрі Асхат Дауылбаевтың  өзін денесімен жылытып, қалай аман алып қалғанын  айтып берді, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы.

Оразалы Ержановтың қаржы вице-министрі болып тұрған кезінде аңға шығамын деп тікұшақтан құлағаны белгілі.

"1998 жылы Астанада жұмыс істеп жүрдім, қаржы вице-министрі болып. Желтоқсан айы кешке көлік жүргізушіме әйелі звондаған. Оның ата-енесі 40-45 шақырым жерде Романовка деген жерде тұратын. Ол қиын кез ғой. Көп жерде жарық жоқ, дағдарыс. Сонда бір отбасын күйеуін де, әйелін де 8 қасқыр жеп кеткен екен", деп бастады әңгімесін саясаткер.

Оразалы Ержановтың арғы аталары аңшы болыпты.Сондықтан бұл оқиғаға бей-жай қарай алмаған көрінеді.

«Тұқымыммен аңшы адамбыз, кезінде үлкен әкем атақты аңшы болған. 30 жылдары ашаршылықта бір ауылды аңшылықтың арқасында аман алып қалған. Қанымызда бар болған соң, жұмыс күні шыға алмайсың, демалыс күні  қасқырларды бірнеше апта іздеп таппадық. Сосын бір жігіт айтты «22 Партсъезд деген жерде бір қойшы бар, сол тауып береді, бірақ вертолетпен ұшып келу керек» деді. Сосын жеке меншік бір компанияның тікұшағын жалдадық. Ол кезде аңшымын дейтін адам көп, бірақ ата алатын адам некен-саяқ.
Сосын Талғат Ермегияев деген досым бар. Ол кезде ол жеке кәсіпкер, мемлекеттік қызметте емес. Аңшылардың бірі Асхат Дауылбаев әділет министрі. Сол үшеуміз шыққанбыз
», деді спикер.

Бірақ тікұшақ күтпеген жерден атылып кеткен. Салдарынан Оразалы Ержановты 40 пайыз күйік шалып, жарақат алған.

"Бұл жерде қателік тікұшақтың пилоты жасы келген адам, бірақ штурвалға отырмағанына 10 жыл болған екен. Сонымен 10 қаңтар күні 1999 жылы түстен кейін құладық, 6 адам болған едік. Жақын ауыл 42 шақырым жерде екен. Екі адам көмекке кетті, төртеуіміз бір сутка қақаған аязда далада жаттық", деді банкир.

"Менің киімдерім жанып кетті. Қатты зардап шекен де мен болдым. Жігіттер жылы киімдерін шешіп маған берді. Түнде қатты суық болғанда Асхат пен Талғат екеуі жүгіреді, жылыну үшін. Сосын екеуі екі жағыма жатып мені жылытты. Солай түнді өткіздік", деді Ержанов.

Соңғы жаңалықтар