Астролог өміріне қауіп төнгендердің туған уақытын есептеді. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
«Айдың тұтылуы бір ғана адам емес, бірнеше адамға әсер етеді. Олардың тізімін жаздым. Тізімдегілер денсаулығы мен жеке өміріне сақтықпен қарасын», – дейді астролог.
Ол тізімде туған уақытын есептегендерді жазды. Денис Теннің де туған жылы соған сәйкес келеді. Бір айдан соң желі қолданушылары астрологқа өлім тіледің деп жағымсыз пікір жазды.
«Василиса, мен Қазақстаннанмын. Сіз Денис Теннің қазасы жайлы естіген шығарсыз. Оған дейін сіздің жазбаңызды оқыған едім. Інім 1993 жылы туған. Денис те сол жылы туған екен. Оның қаза болғаны белгілі», – деп жазды желі қолданушысы.
Бұған Василиса Володина жауап берді.
«Тұтылу мерзімінен бұрын оның жеке өміріне қатысты оқиғалар болуы мүмкін. Егер тізімде аты-жөніңіз болса, қорқудың керегі жоқ. Мәтінді дұрыс түсініңіз», – деп жазады астролог.