ДДСҰ әлемдегі ең ішкіш елді атады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДСҰ әлемдегі ең ішкіш елді атады

ДДСҰ әлемдегі ең ішкіш елді атады

Беларусь тұрғындары алкоголь тұтыну жөнінен (таза спиртке айналдырғанда) абсолютті әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлады Дүниежүзлілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДС?

  • 13 Мамыр 2014
  • 408
Фото - Caravan.kz

Елдің 15 жастан асқан әрбір тұрғыны  жылына орташа есеппен 17,5 литр таза спирт ішеді. Бұл орайда беларусь ер адамдар жылына 27,5 л, әйелдер — 9,1 л спирт ішеді, деп хабарлады Росбалт «Газета.Ru» сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ банядамасында айтылғандай, алкоголь тұтынудан екінші орында молдавандар (жылына 16,8 л спирт), одан кейін литвалықтар (15,4 л) тұр. Ресейліктер төртінші орынға (15,1 л) шықты.

Әзірге алкогольді ең көп тұтынатын елдер Америка мен Еуропа елдері болып отыр. Дегенмен соңғы кездері Үндістан мен Қытайда да ішімдікке бой ұру бел ала бастады. Таяудағы 10 жылда Қытайда халықтың жан басына шаққанда ішімдік ішу 1,5 литрге ұлғаймақ.

Онжылдықтың басында жан басына шаққанда Ресейде, Шығыс Еуропа елдерінде және Португалияда алкогольге құмарлық жоғары болатын. Бұлардан кейінге орындарда ЕО елдері, Канада, Австралия және ОАР болды.


ДДСҰ-ның 2012 жылдың статистикасына негізделген 12 мамырдағы жыл сайынғы баяндамасында сондай-ақ алкогольді шамадан тыс ішуден 3,3 млн. адам қайтыс болғаны келтірілген. Ал 2005 жылы бұл көрсеткіш едәуір төмен еді — 2,5 млн. адам қайтыс болған.

ДДСҰ алкогольді шамадан тыс ішу адамдарды 200-ден астам ауруларға соқтырғанын мәлім етті. Мамандардың айтуынша, әлемде халық санының өсуіне байланысты алкогольдан көз жұму арта береді, соның ішінде бұл індет дамушы елдерде өсе түспек.

Дегенмен бұл орайда ДДСҰ бір ғана жағымды жаңалықты хабарлаған. Әлем халқының жартысына жуығы (48%) ішімдікті мүлдем аузына да алмаған. Әрине, олардың арасында ерлерден гөрі әйелдер көбірек. Дегенмен  халықаралық ұйымды әсіресе жастар арасындағы ішімдікке үйірлік алаңдатады.