Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сайып келгенде бұл індетті түпкілікті тоқтату үшін қауіпсіз әрі тиімді вакцинанын жасап шығару қажет болады. Вакцина COVID-19 инфекциясының екінші толқыны басталмас үшін өте қажет, — дейді ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.
Оның айтуынша, жаһандық ықпалдастықтың әсерінен коронавирустың екінші толқыны мүмкін. Сонымен қатар, ол COVID-19 инфекциясы өте жылдам тарайтынын және 2009 жылы болған шошқа тұмауына қарағанда адамдар он есе көп өлетінін жеткізді.
Бұған дейін ДДҰ өкілдері әлемнің бірнеше елінде коронавирусқа қарсы екпе жасалып жатқанын мәлімдеген. Алайда оны жасау мен сынақтан өткізу жұмыстары көп уақыт алатындықтан ол кем дегенде бір жылдан кейін бірақ шығатын көрінеді.