ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

  • 16 Қыркүйек
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Adyrna.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Bavarian Nordic A/S өндірушісінің MVA-BN вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілігінен өтті»,— делінген хабарламада.

Ұйым бұл шешім халықтың осал топтарына вакцинация салуды кеңінен қамтуға және осылайша жұқтыруды азайтуға көмектеседі деп күтеді.

Данияда жасалған MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға төрт апта аралықпен екі инъекция түрінде егіледі. Оның бір реттік дозасы маймыл шешегінен қорғауда 76 пайыз тиімді, ал екі доза 82 пайыз тиімді деп бағаланып отыр.

Еске салайық, 5 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялаған еді. Қазіргі таңда Африкада маймыл шешегіне шалдыққандар саны 22,8 мыңға жетті.