Дэвид Хэй: Владимир Кличконың тас-талқанын шығарамын! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дэвид Хэй: Владимир Кличконың тас-талқанын шығарамын!

Дэвид Хэй: Владимир Кличконың тас-талқанын шығарамын!

Ертең Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі басталады.

  • 29 Маусым 2011
  • 366
Фото - Caravan.kz

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

Малайзиядағы жарысқа Қазақстанның үздік 15 зілтеміршісі аттанды. Олардың арасында Жазира Жапаркүл, Надежда Ногай, Рүстем Сыбай, Александр Зайчиков сынды халықаралық аренада жүлдеге қол жеткізген спортшыларымыз да бар.

 Дэвис кубогының ширек финалында бақ сынайтын Қазақстан құрамасының өнер көрсететін құрамы жарияланды. Бұл сында жерлестеріміз Аргентина құрамасымен күш байқасады.

Қазақстан командасының сапында Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Юрий Щукин және Евгений Королев бар. Дәл осы құраммен Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет Дэвис кубогының 81 финалында Чехияны қапы қалдырған болатын. Ал олардың ендігі қарсыластары Хуан Игнасио Чела, Хуан Мартин Дель Потро, Хуан Монако және Давид Налбандян. Естеріңізге сала кетейік, матч  7-9 шілде аралығында Буэнос-Айресте өтеді. 


2 шілде күні қолғап түйістіретін украиналық Владимир Кличко мен британдық Дэвид Хэй жекпе-жек алдында сөз таластырды. Баспасөз өкілдерімен кездесуге 45 минутқа кешігіп келген Хэй: “Мен Кличконың тас-талқанын шығарамын”, — деді.

Оған қоса британдық былғары қолғап шебері бұл бокс тарихындағы қайталанбас жұдырықтасу болатындығын да айтты. Ал  бокс әлемінде “дәрігер” лақап атымен танымал Кличко болса, осы күні қарсыласын емдеп, көктен жерге түсіретіндігін жеткізді. “Мен сені нокаутқа түсірем, бұл сені сәл де болса тәубеңе келтірер” — деді чемпион қарсыласына қарап. Кәсіпқой бокстың  үш  тұжырымы бойынша әлем чемпионы Кличко 55 рет жеңіске қол жеткізген, бір нұсқа бойынша чемпиондық атақтың иегері Хэйдің есебінде 25 жеңіс.

Соңғы жаңалықтар