Дэвис кубогы: Финалда - Испания мен Чехия - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дэвис кубогы: Финалда - Испания мен Чехия

Дэвис кубогы: Финалда - Испания мен Чехия

Тарихы 1900 жылдан бастау алатын Дэвис кубогының 2012 жылғы финалында Чехия және осы турнирдің былтырғы, яғни 2011 жылғы жеңімпазы Испания құрамасы ойнайды.

  • 18 Қыркүйек 2012
  • 347
Фото - Caravan.kz

«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, Испания құрамасы жартылай финалда АҚШ теннисшілерін 3:1 есебімен жеңді. Испандықтарға финалдық жолдаманы Давид Феррер алып берді. Ол Джон Изнерді 6:7, 6:3, 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Екінші жартылай финалдық кездесуде Чехия және Аргентина теннисшілері ракетка түйістірген болатын. Бұл таласта чех командасына жеңісті Томаш Бердых сыйлады. Жалпы командалық есеп 3:1 — Чехия құрамасының пайдасына.

Дэвис кубогының тарихын парақтайын болсаңыз, испан жігіттері бұл турнирде 5 мәрте топ жарыпты, ал чех жігіттері бұл кубокты бір рет қана еншілеген екен. Айта кетсек, үстіміздегі жылғы Дэвис Кубогының финалы Чехияда өтеді.