Дэвис кубогы: Қазақстан - ширек финалда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дэвис кубогы: Қазақстан - ширек финалда

Дэвис кубогы: Қазақстан - ширек финалда

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына шықты. Теннисшілеріміз Астанада өткен матчта Бельгияны 3:2 есебімен ұтты.

  • 3 Ақпан 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

 Енді жерлестеріміз ширек финалда Швейцариямен кездеседі.

Соңғы күні Михаил Кукушкин өз қарсыласы Оливье Рохустан ұтылып, есеп теңескен. Ал шешуші матчта Андрей Голубев Рубен Бемельманспен ойнап, 6:2, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы кездесуде ұлттық құраманың ойыншысы Михаил Кукушкин әлемнің 163-ші ракеткасы бельгиялық Рубен Бемельмансты 6:4, 6:7 (3), 6:2, 6:3 есебімен қапы қалдырған еді

Михаилдан кейін кортқа Андрей Голубев шықты. Ол Бельгия құрамасын бастап келген, құраманың лидері Давид Гоффенмен ракетка айқастырды.  Бес сетке созылған ойынды жерлесіміз қарсыласынан  айласын асырды. 4 сағат 30 минутқа созылған ойын 7:6 (9), 3:6, 4:6, 6:2, 12:10 есебімен  аяқталды.

Ал жұптық кездесуде Михаил Кукушкин мен Евгений Королев жұбы Оливье Рохус пен Рубен Бемельманс жұбынан ұтылып қалды, деп хабарлайды «Аламан».


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера