«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, Диас Досқараев бастаған қазақ құрамасы Өзбекстанды ұтты.
Жарыстың алғашқы күні Михаил Кукушкин Фаррух Дустовты жеңгенімен, Евгений Королев Өзбекстанның бірінші ракеткасы Денис Истоминге жол беріп қойды.
Екінші күні Андрей Голубев/Юрий Щукин жұбы қарсыластарынан (Истомин мен Дустов одағы) үш сетте басым түсті.
Ал кеше, жексенбі күнгі кездесуде Михаил Кукушкин Денис Истоминді оңай жеңді — 6:4. 6:2. 6:7. 6:3.
Өзбекстан құрамасы соңғы бесінші кездесуден бас тартты.
«Ойын өте қиын болды. Алғашқы екі сетті оңай ұтқаныммен, үшінші сетте қателіктерге жол бердім. Төртінші сетте қайта жиналып үлгердім. Біз үшін маңызды кездесу болды. Және нәтижелі жеңісті әкелгеніме қуаныштымын»,-деді Михаил Кукушкин.