Дэвис Кубогы жолында Испаниямен кездесетін қазақстандық теннисшілер құрамасы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дэвис Кубогы жолында Испаниямен кездесетін қазақстандық теннисшілер құрамасы анықталды

Дэвис Кубогы жолында Испаниямен кездесетін қазақстандық теннисшілер құрамасы анықталды

Дэвис Кубогы жолында Испания құрамасымен кездесетін қазақстандық теннисшілердің ерлер құрамасы анықталды.

  • 17 Қаңтар 2012
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Теннис федерациясының атқарушы директоры Олег Огай мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Дэвис Кубогына біздің тараптан 4 теннисшіге өтініш берілді. Олар — Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Евгений Королев және Юрий Щукин. Спортшыларымыз жарысқа тыңғылықты әзірленді деп ойлаймын. Өткен жылдың аяғына таман біз Дубайда болып, жаттығу жиынын өткізгенбіз, оған ұлттық құраманың барлық мүшелері қатысқан болатын», — деді баспасөз мәслихаты барысында О. Огай.

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 10-12 ақпан күндері Испанияның Овьеда қаласында өтетін Дэвис Кубогы жолындағы Қазақстан мен Испания құрамалары кездесуіне біздің спортшыларымыз ертерек баратын болады. Ондағы мақсат теннисшілерді ішкі және климаттық жағдайларға бейімдеумен байланысты. «Яғни біздің спортшылар алдағы матчқа жоғары әзірлікте болуы керек. Біз Испанияға жеңіс үшін баратын боламыз», — деді Иеннис федерациясының атқарушы директоры.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан теннисінің ерлер құрамасы 10-12 ақпан аралығында Дэвис Кубогының бірінші айналымында сыртта Испанияға қарсы ойын көрсетеді. Ескерте кететін жайт, Испания спорттың осы түрі бойынша әлемдік рейтингті бастап келеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера