Жарияланды: 440

Дэвис кубогының ойыншылары өз пікірлерімен бөлісті!

Дэвис кубогының төрттен бірінші финалы аясында өзара кездесетін Қазақстан мен Аргентина құрамалары соңғы дайындықтарын өткізуде. Маңызды матчқа дейін бар болғаны бір күн қалды, осы орайда ойыншылар өз пікірімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Аргентина құрамасы бұл матчқа басты ойыншыларының бірі Давид Налбандянсыз шығатын болды. Бірнеше жыл бойы әлемнің үздік ондығында болған Налбандян Уимблдонда жарақат алған. Енді оның орнын Эдуардо Шванк басады. Дегенмен команда мүшелері қалай да жеңіске жетуді көздеп отыр. Әлемнің бірнеше дүркін чемпиондарының сапында елдің үздік теннисшісі Хуан Мартин Дель-Потро бар. Оның айтуынша, ұжым  мықты. Алмұндай маңызды сынға алғаш рет қатысқалы тұрған Қазақстан құрамасының сапындағы Андрей Голубев, Евгений Королев, Юрий Щукин және Михаил Кукушкин дайындықтарын пысықтауда. Дэвис кубогы аясындағы матч 7-9 шілде аралығында Буэнос-Айресте өтеді.

Михаил Кукушкин, Қазақстан құрамасының теннисшісі:

- Мен Дель Потромен кездесуім мүмкін. Әрине, ол әлемнің үздік теннисшілерінің бірі, дегенмен мен бұған дейін де бірінші, екінші ракеткалармен ойнағаным бар. Тәжірибем жоқ емес, оған қоса кортқа шыққан кез-келген адам тек жеңісті көздейді. 

Вандеяда бастауын алған “Тур де Франстың” 3-кезеңінде америкалық Тайлер Фаррар жеңіске жетті. Оның ізімен француз Роман Фейлу және испандық Хосе Рохас келді.

198 шақырымға созылған  айналымда алғашқы жалпы спринт те орын алды.  Бұл жолы “Астана” сапынан үздік нәтиже көрсеткен Роман Кройцигер болды. Ол мәреге 21-ші болып келді. Жалпы классификациядағы Тор Хушовд бастаған үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды. Ал, “Астана” өкілі Дмитрий Фофонов 26-сатыға көтерілді.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге Оңтүстік Африканың Дурбанына келді. Дәл осы жерде санаулы уақыттан кейін 2018 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізетін қала анықталады.

Бұл Олимпиада ойындарын өткізуге үш үміткер қала бар. Францияның Аннеси, Германияның Мюнхен және Оңтүстік Кореяның Пьонгчанг шаһары. Соңғысы басты үміткер болып саналады, өйткені дәл осы қала 2010 және 2014 жылғы Олимпиаданы өткізудегі таласқа ат салысып, жеңілген болатын. Бүгінгі күнге Мюнхеннің дайындық деңгейі 83 пайыз, Пьонгчангтікі 79 пайызға, ал француздардың дайындығы  67 пайызға бағаланып отыр.         

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін