Кеңес барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар, халықаралық сахнадағы өзара ықпалдастық, халықаралық және аймақтық түйткілді мәселелер төңірегіндегі өзара мүдделі тақырыптарды талқылады.
2002-жылдың ақпанында Делиде және 2002-жылдың маусым айында Алматыда өткен жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылауға баса назар аударылды. Кездесу барысында мұнайгаз саласындағы, ақпараттық технологиялар, шағын және орта бизнес салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігі туралы пікір айтылды.
Үндістандық өкілдердің жетекшісі, осы ел СІМ-нің орынбасары Р.Абхьянкардың мәлімдеуінше, Үндістан екі ел арасындағы достық байланыстарды дамытуға айрықша маңыз береді.
Келіссөздер екі ел арасындағы потенциалы мол әрі болашағынан үміт күттіретін өзара тиімді ықпалдастықты дамытуға екі жақ тарапынан да үлкен мүдделілікті айғақтап берді.