19 сәуір күні 48 кг, 20 сәуірде 51 кг және 55 кг, 21 сәуірде 59 кг, 63 кг, 67 кг және 72 кг салмақ дәрежелері бойынша бәсекелер өтеді, деп хабарлайды «Аламан».
Өкінішке қарай, биыл үш жыл қатарынан Азия чемпионы атанған Гүзел Манюрова мен Азияның екі дүркін чемпионы Елена Шалыгина жарыс жолына шықпайды.
Бас бапкер Гүзел Манюрованың бастауымен 17 сәуір күні Алматыдан Үндістанға жол тартатын команда құрамында 67 кг және 72 кг салмақ дәрежелерінен басқалары — биылғы Қазақстан чемпиондары.
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:
48 кг. Зульфия Яхъярова — халықаралық турнирлер жүлдегері, 2013 жылғы Қазақстан чемпионы.
51 кг. Татьяна Аманжол — Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, 2013 жылғы Қазақстан чемпионы.
55 кг. Меруерт Дынбаева — халықаралық турнирлер жүлдегері, 2013 жылғы Қазақстан чемпионы.
59 кг. Джулия Сатымбекова — халықаралық турнирлер жүлдегері, 2013 жылғы Қазақстан чемпионы.
63 кг. Ольга Калинина — 2013 жылғы Қазақстан чемпионы.
67 кг. Зарина Кунангараева — 2013 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.
72 кг. Елмира Сыздықова — жастар арасындағы Азия және Қазақстан чемпионы, 2013 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.
Аруларымыздың соңғы бес жылдағы құрлықтық біріншілікте көрсеткен нәтижелерімен таныс болыңыздар. 2008 жылы Жұлдыз Әшімова (51 кг), Салтанат Әбдірахманова (55 кг) және Ольга Смирнова (59 кг) күміс, Елена Шалыгина (63 кг) мен Дарья Карпенко (67 кг) қола межальды қанағат тұтты.
2009 жылы Татьяна Аманжол (51 кг) мен Елена Шалыгина (51 кг) жеңімпаз атанса, Жұлдыз Әшімова (48 кг) ақтық сында ұтылды, Айым Әбділдина (55 кг) үшінші орын алды.
2010 жылы Гүзел Манюрова (72 кг) — Азия чемпионы, Жұлдыз Әшімова (51 кг) — күміс жүлдегер, Ольга Жәнібекова (67 кг) — қола жүлдегер атанды.
2011 жылы Манюрова тағы да жоғары нәтижені қайталайды, Айым Әбділдина (55 кг) мен Татьяна Захарова (67 кг) қолаға қол жеткізеді.
2012 жылы Елена Шалыгина (63 кг) мен Гүзел Манюрова (72 кг) қарсылас шақ келтірмейді, Айжан Ысмағұлова (55 кг), Айым Әбділдина (59 кг) мен Татьяна Захарова (63 кг) — қола медаль иегері.