Қалалық Жол полициясы басқармасынан мәлім еткендей, 748 жүргізушінің 21-і темір тұлпарын мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды, 79-ына жылдамдықты белгіленген межеден асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ осы күндері полицейлердің құрығына жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, ережені бұзған — 10, көлігі қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда болғаны үшін — 16, машинаны құжаттарсыз басқарған — 15 және қозғалыс барысында ұялы телефонды пайдаланған 43 жүргізуші түсті. 21 көлік айыптұрағына жеткізілді.