Осындай ауа райы Республикамыздың аумағы арқылы суық арктикалық фронттардың өтуіне байланысты, олардың тылына Скандинавияның солтүстігінде қалыптасқан, антициклон таралатын болады. Ауа райы тек батыс облыстарында жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы жоғарылайды.
Мамыр айының басында антициклонның Қазақстан аумағына жылжу шамасына қарай жауын-шашын тоқтайды және оңтүстік-батыс тропосферлық ағындармен температура алдымен батыста, содан кейін қалған аумақта көтеріле бастайды деп болжануда.