Caravan Logo

Демалыс күндері ел аумақтарында 10 адам суға кетіп, мерт болды

Демалыс күндері ел аумақтарында 10 адам суға кетіп, мерт болды

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, сулы нысандарда мерт болу фактілері бойынша Қарағанды облысында үш оқиға, Солтүстік Қазақстан облысында - 2, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Алматы облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында бір-бір оқиғадан тіркелді.

Суға кеткендердің ең жасы Астана қаласының 10 жасар тұрғыны болды. Жеткіншек қаладан 8 шақырым жерде, Нұра-Есіл арнасында балық аулау барысында жазым болды.