Демалыс күндері Маңғыстауда 39 градус ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері Маңғыстауда 39 градус ыстық болады

Демалыс күндері Маңғыстауда 39 градус ыстық болады

 

  • 14 Маусым 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz


Қазгидромет РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында күн райы салқын. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндізгі ауа температурасы — плюс 10…20 градус шамасында.

Мұндай ауа райы Баренц теңізі аймағынан Қазақстанға үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты. Сондықтан республиканың басқа аймақтарында да осындай тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай мен жауын-шашын болады. Бірақ мұнда күн жылы. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбырға қарамастан, күндіз ауа температурасы 25…33 градусқа дейін жылынады. Ал Маңғыстау облысында күн ашық. Өңірде 30…39 градусқа дейін ыстық болады.

Соңғы жаңалықтар