«Қазгидромет» РМК мамандары Zakon.kz тілшісімен Қазақстанның демалыс күндері – 2024 жылғы 19 қазан мен 21 қазан аралығындағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мамандардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың шығысында жауын-шашын және қар түріндегі ауа райы басым болады», — Қазгидромет» РМК.
Сондай-ақ, республиканың барлық аумағында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік облыстарда көктайғақ, оңтүстік облыстарда найзағай күтіледі.
«Тәулік ішінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде: батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте +5+13°С дейін, шығыста, орталықта +8+18°С дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +15+22°С дейін жетеді», — деп қосты синоптиктер.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың қараша және желтоқсан айларында, сондай-ақ 2025 жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.