Жарияланды: 480

Демеушілер “Ерікті қайырымдылық қоғамына” 26 млн 500 мың теңге берді!

26 миллион 500 мың теңге. Бүгін туа бітті жүрек ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп келе жатқан “Ерікті қайырымдылық қоғамы” қорына демеушілер тарапынан осындай көлемдегі көмек чегі табыс етілді. Қор жетекшісі Аружан Сайынның айтуынша, бұл соңғы уақытта мүгедек балаларға жасалып отырған ең үлкен көмек.

Айта кету керек,  бұл “Балаларға өмір сыйлайық” акциясы аясында қолдау тауып отырған шара. Өйткені осы уақытқа дейін қор атына тек қарапайым тұрғындардан болмаса, ірі бизнес өкілдерінен көмек көрсетілмей келген. Жалпыүш жылдың ішінде қор қазынасына 300 млн теңгедей көмек жиналыпты. Және соның арқасында 315 балғынға шетелде күрделі операциялар жасалып, аруларының беті қайтарылған. Енді тағы да осынша науқас бүлдіршінге көмек көрсетілмек.   

Аружан Сайын, “Ерікті қайырымдылық қоғамы” қорының директоры:

-  Акциямызға  әдеттегідей жай адамдар көмек көрсетеді. Олар СМС арқылы 280 теңге немесе шотымызға 1500, 10 мың теңге жібереді. Мен ойлаймын, бүгінгі компанияның көмегі басқаларға да үлкен үлгі болады деп. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін