Демографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты Астананың бас жоспарына түзетулер енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты Астананың бас жоспарына түзетулер енгізіледі

Демографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты Астананың бас жоспарына түзетулер енгізіледі

Астананы дамыту жөніндегі бас жоспарға енгізілетін түзетулер жобасы республика үкіметінің қарауына 2004-жылдың соңына дейін ұсынылуы тиіс. Бүгін, 27-қазанда Елордасының жаңа орталығын салу барысын қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында үкімет басшысы мүдделі министрліктер мен мекемелерге бұл құжатты дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды,- деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

  • 27 Қазан 2004
  • 870
Фото - Caravan.kz

Елордасының құрылыс жоспарына түзету енгізу қажеттігі қаланың даму алғышарттары, нақты қарқын мен бұған дейін бекітілген жоспар-жобалардың арасында айырмашылық анықталуына байланысты. Атап айтсақ, халық санының өсу қарқыны болжамдық көрсеткіштерден анағұрлым артып, нақты сұраныс пен қала қалыптастырудың нормативтік көрсеткіштеріне сәйкеспейтін болды. Астананың даму қарқынымен салыстырғанда әлеуметтік нысандар желісі мен қаладағы көлік желісінің өткізгіштік қабілеті, инженерлік инфрақұрылым мен қаланың тіршілік қамтамасыздығы жүйесінің қуаты жеткіліксіз болып шықты.

Мамандардың зерттеулері мұндай жағдайға түрткі болған бірнеше себепті анықтап отыр, олардың арасынан ең маңыздысы — туылу деңгейінің жоғарылығы мен көші-қон ауқымы болмақ. Үкімет басшысының айтуынша, «Астана мұндай қарқынға дайын болмай шықты». Сонымен бірге, Д.Ахметовтың пайымдауынша, «Астананың қарқынды даму кезеңі ауылшаруашылығы мен шағын қалалардағы тоқырау дәуірімен тұспа-тұс келді. Сол себепті ауыл тұрғындары күнкөріс қамымен жаңа қалаға ағылды». Қала тұрғындарының саны артуына «ауқымды шенеуніктер армиясының Елордасына қоныс аударуы да әсер етті»,- деді үкімет басшысы.
Ал қазіргі болжам жасау әдістемелері әзірге Елорда тұрғындарының нақты санын айқындауға мүмкіндік бермей отыр. Көрсеткіш 800 мыңнан 2030-жылы 1-1,2 млн. төңірегінде ауытқуда.
Сарапшылардың айтуынша, кейінгі 3-4 жылда Астанаға көшіп келушілердің кескін-келбеті түбегейлі өзгерді. Қалаға келіп жатқандардың басым бөлігі жоғары деңгейде білім игерген, жұмыс тауып, баспанаға қаржы жинауға талпынатын 20-40 жас аралығындағы атпал азаматтар. Осыған байланысты, Д.Ахметовтың айтуынша, Астананың қазіргі даму қарқыны тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникацияларды салу, жаңа кәсіпорындар салып, жұмыс орындарын арттыру тұрғысынан оза ілгерілеп отыруы тиіс.
Үкімет басшысының пікірінше, қаладағы бұрындары құрылыс салынған және бос аумақтарды игеру жоспарлары мен нобайларын түбегейлі өзгерту , инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды бір уақытта дамыта отырып, тұрғын үйлер аймағын орналастыру схемасын олардың тығыздығы мен салынатын үйлердің қабат санын арттыру жағына қарай ден қою бағытында өзгерту, қалаішілік және сыртқы траспорт желісін жаңа бағытта дамыту қажет.
Сонымен бірге үкімет басшысы республика Елордасы қазіргі заманғы ең озық қала салу талаптарына сәйкесуге, Астана тұрғындары мен қала қонақтары үшін қолайлы болып, жоғары тіршілік сапасын қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.
Комиссияның отырысы барысында сондай-ақ қаладағы жол тораптарын кеңейту және реконструкциялау, көпірлер мен жол айрықтарын, жаяу жүргіншілерге арналған жер асты өткелектерін салу мәселелері де сарапқа салынды. «Астананың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» атты бағдарлама қаланың дамуына оңды әсер еткені, сондықтан, оны одан әрі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Перейти к новостям спорта