"Денеге ыстық үтік басқан": азаптау фактілері бойынша бірнеше полицей өз кінәсін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Денеге ыстық үтік басқан": азаптау фактілері бойынша бірнеше полицей өз кінәсін мойындады

"Денеге ыстық үтік басқан": азаптау фактілері бойынша бірнеше полицей өз кінәсін мойындады

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау фактілері бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды.

  • 20 Маусым 2022
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді., деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды. Олардың ішінде 9 қызметкер қамауға алынды.

"Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатысын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады", — деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу шаралары аяқталды.


"Олар ұсталған адамды ұрып-соққан. Оның өліміне әкеп соққан әрекет үшін айыпталып отыр. Азаптаулар бойынша қылмыстық істертерде тергеу ерекшелігі бар. Жәбірленушілердің көпшілігі қатысы бар адамдарды анықтай алмайды. Өйткені олар бетперде киген немесе арнайы киім-кешексіз болған", — деп атап көрсетті Шалабаев.