"Денесін тәулік бойы бөлшектеп тастаған": 19 жастағы бойжеткеннің туыстары сұмдық жағдайды айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Денесін тәулік бойы бөлшектеп тастаған": 19 жастағы бойжеткеннің туыстары сұмдық жағдайды айтты

"Денесін тәулік бойы бөлшектеп тастаған": 19 жастағы бойжеткеннің туыстары сұмдық жағдайды айтты

19 жастағы алматылық бойжеткен Аяжан Еділованың туыстары оны өлтірген адамға өлім жазасын кесуді сұрайды.

  • 26 Наурыз 2021
  • 561
Фото - Caravan.kz

Туыстары қыздың өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Тусытар оқиғаның мән-жайын NemolchiKZ қорына айтып берген.

Қыздың Сымбат дизайн және сән академиясының 4-курсында оқығаны туралы белгілі болды. Оның авторлық дизайнерлік туындыларын сататын интернет-дүкені де болған. Сонымен қатар, Аяжан Еділова сұлулық салонында жұмыс істеді.

"Қыздың туыстары бейтаныс ер адаммен не себепті кездесуге барғаны туралы бірнеше болжам ұсынып отыр. Солардың бірі интернет-дүкеннің жұмыстарымен баруы мүмкін деген болжам. Ал осыған дейін ер адаммен жаңадан танысып, қарым-қатынас орнатпақ болып, кездесуге барған деген нұсқа жоққа шығарылды. Өйткені бойжеткеннің жігіті болған көрінеді", — дейді қордың негізін қалаушы Дина Таңсәрі.

19 наурыз күні 20.48-де қыз жұмыстан шыққан. Бірақ жатақханаға оралмапты. Қыздың жігіті мен достары дабыл қаққан. Таңертең олар Аяжанның туыстарына хабар берген.

"Жігіт жатақхананың жанында қызды күтіп тұрған. Қоңырау шалғанымен ол жауап бермепті. Тек қыз 23.00-де "Мен шықтым" деп жігітіне хабарлама жазған. Осыдан кейін онымен байланыс үзілді. 20 наурызда таңертең іздеу жұмыстары басталды. Туыстары полицияға сағат 12:00-де хабарласады. Бірақ полиция арызды қабылдамайды. Сөйтіп, достары мен еріктілер қызды өз беттерінше іздеуге кіріседі. Олар такси қызметіне сұрау салған", — деп жазды қор.

Оқиғаға сәйкес, 21 наурызда еріктілер қызды жұмыстан алып кеткен такси жүргізушісін табады. Жүргізуші Аяжан алып барған мекен-жайды көрсеткен. Және таксиді Руслан есімді ер адам тапсырыс бергені белгілі болды.

"Мекен-жай полицияға хабарланды. Содан кейін олар оны абоненттік нөмірдің базалық станциясы арқылы іздей бастаған. Сағат 23.00 шамасында біз мекен-жайға бардық. Полиция туыстарын пәтерге кіргізбеді, сол жерге екі жедел жәрдем көлігі келді. Пәтерден қанға боялған ер адам шығарылды. Оны жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Артынша жедел уәкіл шығып, қыздың жоқ екенін айтты. Тусытарына таңертең полицияға келсін деп айтылды", — делінген ақпаратта.

22 наурызда шамамен сағат 12.00-де туыстары полиция бөліміне келген. Алайда қыздарының өлімі туралы туыстарына хабарланбаған.


"Аяжанның ағасы Instagram-дағы жаңалықтар лентасынан Аяжанның өлі табылғаны туралы ақпаратты көріп қалады. Келіп полициядан оқиғаны түсіндіріп беруді сұраған. Полицейлер пәтерде қыздың денесі табылғанын қалай айтарын білмеген. Өйткені Аяжанның денесі аяусыз бөлшектелген күйінде табылған көрінеді", — дейді қыздың туыстарының бірі.

"Егер туыстары мен еріктілері Аяжанды өз беттерімен іздемесе, олар жүргізушінің нөмірін, қызды апарып тастаған жерін таба алмас еді. Маньяк тым кәсіби және жылдам әрекет еткен. Біз қайтыс болған қыздың ағасымен және оның тәтесімен сөйлестік, туыстары көбінесе қыздың қалай қиналғанын елестетіп, жан ұшырады. Қыздың басынан өткен нәрсені елестету өте қорқынышты", — деп жазды Дина Таңсәрі өз жазбасында.

Қайтыс болған қыздың ағасының айтуынша, күдіктінің жоғары медициналық білімі бар. Отбасы да оқыған, білімді адамдар көрінеді.

"Полиция оны тапқан күні ол өзінің тамағына пышақ сұғып алды. Оны жедел жәрдем көлігімен алып кетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыздың туыстары қылмыскердің басқа да құрбандары болуы мүмкін екенін айтады. Оған қоса, психикалық ауытқуы бар деп жазадан құтылып кетеме деп қорқады. Олар ауыр қылмысы үшін күдіктіні өлім жазасына кесуді талап етіп отыр", — деп жазды Дина Таңсәрі.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз.

19 наурызда жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды. Алматы полициясы күдіктіні ұстады.