«Денесінде таяқ жеген іздер бар»: Шерзаттың әкесі інісін тапқан жерден не көргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Денесінде таяқ жеген іздер бар»: Шерзаттың әкесі інісін тапқан жерден не көргенін айтты

«Денесінде таяқ жеген іздер бар»: Шерзаттың әкесі інісін тапқан жерден не көргенін айтты

Қоғам жаппай наразылық білдіріп жатыр.

  • 10 Желтоқсан 2024
  • 18
Фото: caravan.kz

Жақында ғана бір топ жігіттің қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасында бүгін де қаралы күн. Араға уақыт салып енді Қаржаубай Нұрымов туған інісінен айырылып қалды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Полиция 30 жасар жігіт өз-өзіне қол жұмсаған деп, соңғы жазған хатын дәлел ретінде көрсетіп, бүкіл елге таратты. 

Шерзат Болаттың әкесі інісін тапқан жерден видео жариялады. Видеода інісінің көлігі қалған жерін, екі ұялы телефон қалғанын және денесін тапқан жерді көрсетті. Оның мойнында жарық диодты сым болған, және оның іздері тек бір жағында ғана байқалған. 

Ол асылып қалмаған, жартылай бүктелген түрінде екі аяғы жерде болған. Қаржаубай інісін бір сағат бойы тірілтуге тырысқан. Себебі жедел жәрдем көлігінің уақытылы келмейтінін біледі, басынан өткен. 

Қаржаубай інісінің тік жардан түскеніне сенбейді. Себебі жардың биіктігі шамамен 7-10 метр айналасында екен. Ал қара түнде орманға кіріп, зираттар бойынан өтіп, 700 метр жүріп өткенін түсіне алар емес. 

«Жардың бойымен түскен. Ізді қуалап жүрдік. Шақырымға жақын жүрген. Түнде жалғыз өзі біздің үйге жақын жерге, бетонның артына барған. Жіңішке талдың артында екі аяғы жерге тиіп, бүктеліп отырған жерінен таптым. Оның мойнында жарық диодты сым болды. Бұтаққа байланған. Еркін отыр. Механикалық асфиксияның бір жағында ғана ізі тұр. Осы жерден бауырымды алып шықтым», – дейді ол.

Ол өзі өлген жоқ. Бауырымды біреу суицидке итермеледі дейді Шерзат марқұмның әкесі. Ол өлетін бала емес еді дейді. Және әділ тергеу болғанын қалайды. 

«Айналдырған 2 айда баласынан, бауырынан, үйінен айырылды. Ешкімнің басына бермесін! Атышулы іс сотқа қашан жетеді?», — деп пікір білдірді Гүлмира Абықай.

Ал Гүлбану Әбенова журналист те суицид болғанына сенбейді. Ол өзінің парақшасында пікір қалдырды.

«Үйінің алдын күзетіп тұрған қызметкерлер түн ортасында оның қайда кетіп бара жатқаны туралы сұрамаған? Түнде оған қоңырау шалған кім? Ол қайда асықты? Әрине, өте оғаш өлім. Оны асылып қалған жерінен тапқан жоқ, неліктен экспертиза жасамай бірден суицид деген қорытындыға келіп отыр?», — деді журналист. 

Марқұм Шерзат Болат тарапының адвокаты Саида Тәуекелова Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тың дерек айты.

«Шерзат ісі бойынша Нұрқанатпен бірге тергеуге күнделікті жауап алу кезінде бірге қатыстық. Ауыр психологиялық жағдайын байқамадық. Ол жауап алу сәттерінің бәрін, оның ішінде оқиға орнына барғанда да батыл түрде өткерді. Сәрсенбі күні сотқа бауымыз керек еді. Ол сотта біз «жала жабу», БАҚ-та «жалған ақпарат тарату» баптары бойынша арыз түсіргенбіз. Сол бойынша сот басталуы керек еді. Дайындалып жүргенбіз. Кеше де байланыста болдық. Материалдық қиындықтарға, ет дүкеніндегі жұмыстарына қарамастан, олардың істі қозғағанына қуанған едім. Көмектесуге тырыстық. Отбасында кіріс болсын дедік. Олар ешкімнен ештеңе сұрамады. Бұл жаңалық бәріміздің төбемізге жай түскендей болды», — деді адвокат. 

Артынша марқұмның денесінде таяқ жеген іздер бар деген ақпарат тарады. 

Перейти к новостям спорта