Денис Тен Кореяда өзінің атақты бабасының зиратына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Тен Кореяда өзінің атақты бабасының зиратына барды

Денис Тен Кореяда өзінің атақты бабасының зиратына барды

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Оңтүстік Кореядағы өзінің атақты бабасы генерал Мин Гын-Хоның зиратына барды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 9 Тамыз 2017
  • 272
Фото - Caravan.kz

«Кореядағы атақты бабам, белгілі генерал Мин Гын-Хоның мүсіні. Оның құрметіне 1999 жылы Вонжу қаласының басшылығы ескерткіш орнатқан. Жақын жерде оның зираты мен биіктігі бірнеше метр монумент бар. Онда атамның жетістіктері корей және ағылшын тілдерінде жазылған», — деп жазды Денис Инстаграмға.

Мин Гын-Хо ел тәуелсіздігі үшін күрескен ең көрнекті 12 күрескер тізіміне кіреді. Оның армиясы күллі империяда ең ауқымды, ықпалдылардың бірі болды.  1962 жылы Мин Гын-Хо Корей Республикасының «Presidential Medal in the Order of Merit for National Foundation» орденімен марапатталды.

Бұл тұтастай елдің негізін қалауға үлес қосқандардың ең беделді мемлекеттік наградалардың бірі. «Әр кез бабамның басына келгенде санамды ұлы адамның отбасында дүниеге келгенім үшін мақтаныш сезімі билейді», — деп атап өтті спортшы. 12 тамызда Денис Тен оңтүстіккореялық Коян (Goyang) қаласында өтетін «Ice Festa» шоуында өнер көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар