Денис Тен мен Денис Кузин ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағына ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Тен мен Денис Кузин ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағына ұсынылды

Денис Тен мен Денис Кузин ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағына ұсынылды

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен мен Әлем чемпионатында конькимен сырғанауда алтын медаль алған Денис Кузин Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағына ұсынылды.

  • 27 Наурыз 2013
  • 814
Фото - Caravan.kz

Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру ісі агенттігінің төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті.

«Құжаттар тапсырылды және ол комиссия тарапынан қаралады. Дегенмен, мен олардың қазірдің өзінде еңбек сіңірген спорт шебері екендіктерін айта аламын», — деді ол.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің спортшыларға қандай сыйақы беріледі деген сауалына жауап берген ол: «Бізде бекітілген сыйақы бар. Оны олар таяу уақытта алады. Бұған қоса мен федерация, «Самұрық Қазына» және өңірлер өз сыйақыларын даярлап отырғанын білемін», — деді.

Естеріңізге сала кетейік, Канаданың Лондон қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында Денис Тен күміс медаль иеленген болатын. Бұл — еліміздің осы спорт түрі саласындағы алғашқы медалі. Оның үстіне Денис Тен 2014 жылы Сочи қаласында өтетін 32-ші қысқы олимпиада ойындарына 2 лицензия жеңіп алды.

Ал, Денис Кузин Сочи қаласында өткен коньки спортынан олимпиада алдындағы Әлем чемпионатында алтын медаль ұтып алған еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера